Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген "Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне"сәйкес "№41 "Назерке" бөбекжай-балабақшасы" МКҚК-ы, 2024-2025 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды. Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады. Қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің ұсыныстарын қабылдау Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы,Алтынсарина 20 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Электронды мекен-жайы: email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. байланыс телефоны:
+7(7132)21 06 61
+7(7132)21 16 56
Қамқоршылық кеңестің құрамына мүше болғыңыз келсе, хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсыну сұралады:
1) өтініш (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар. Үміткер өздерінің кәсіби немесе қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.







