«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ
«№41 «Назерке балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

|
Құрылтайшы |
Ақтөбе облысының әкімдігі |
|
Меншік нысаны |
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны |
|
Мекен жайы |
Ақтөбе қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі 20 |
|
Құрылған жылы |
1992жылдың 02 қыркүйек |
|
қызметкерлер саны |
58 адам |
|
Орташа жалақы мөлшері |
816099 тенге 58 қызметкерге |
|
қызмет түрі |
Бағыты: Тиісті білім беру бағдарламаларын және мемлекеттік міндетті білім беру стандарттарының талаптарының негізінде тәрбиеленушілердің жеке тұлға ретінде дамуына, қалыптастырылуына бағытталған білім мен тәрбие алу үшін жағдайлар жасау; Болашақта тәрбиелі, иманды, өз елін сүйетін, дені сау бүлдіршіндерді тәрбиелеу. Балаларды тәрбиелей отырып білім беруге барлық жағдай жасалған. Балабақшада дене шынықтыру және музыка залдары бар. Дене шынықтыру залында дене шынықтыру оқу қызметіне арналған құралдар жеткілікті. Балаларға эстетикалық тәрбие беріп, би өнеріне деген сүйіспеншілігін, дене бітімінің сымбатты-лығын, иілгіштік қабілеттілігін арттыру мақсатында қосымша ақылы хореография үйірмесі ұйымдастырылды.
Қызмет тақырыбы: Балаларды жан-жақты дамытуға, оның танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға және ұсақ қол моторикасын ойындар және бейнелеу өнері арқылы дамыта отырып, сөйлеу тілін дамыту. Балалар өмірін сақтау және денсаулығын нығайту, оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулу. Баланың жеке басын үйлесімді дамыту, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға баурау арқылы қабілеттерін дамыту |
|
Бар құрылымы |
№41 «Назерке балабақшасы» МКҚК негізі 1992 жылы Батыс Қазақстан темір жолы балансында қаланды. 1997-2000 жылдар аралығында Қазақстан темір жолы оқу бөлімі балансында болып, 2000 жылы қалалық білім басқармасының қарауына берілді Ғимарат үш қабатты 240 орынға есептелген. жалпы көлемі 2525,9 ш. Ғимаратта жылыту жүйесі орталықтандырылған. Ғимараттың сыртында бейнебақылау орнатылған. Интернет, Wi-fi қосылған. Оқу-тәрбие бөлімі типтік бағдарламаға сәйкес жұмыс жасайды |
|
Ағымдағы жағдайы |
№41 «Назерке балабақшасы» МКҚК –ң ағымдағы жағдайы қанағаттанарлық. |
№ 41 «Назерке балабақшасы» МКҚК Ақтөбе қаласында орналасқан. Жалпы тәрбиеленушілер саны 240 құрайды. Қазіргі уақытта 9 топ толығымен жұмыс істеп тұр, жылу жүйесімен, канализациясы орталықтандырылған, материалдық жағы жақсы.
2 ортаңғы, бір арнайы ортаңғы, екі ересектер, бір арнайы ересек және екі мектепалды даярлық топтары. Барлық топтарда балалардың ойын түрлерін ұйымдастыруға жақсы жағдай жасалған.






