Семинарда балабақшаның логопед мамандары мен түзету тобының тәрбиеші педагогтары мектепке дейінгі ұйымда балалардың сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастыруда сенсомоторлы және сенсорлы жүйені дамыту арқылы түзету жұмыстарын жүргізу жолдарымен бөлісті. Семинар барысында мектепке дейінгі ұйымда сөйлеу тілін және танымдық қабілеттерді дамытуға арналған ойындар,«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ойын түрлері, ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып ойын түрлері көрсетілді.






